Елімізде демографиялық зерттеулер институты құрылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде демографиялық зерттеулер институты құрылуы мүмкін

24.02.2014
Елімізде демографиялық зерттеулер институты құрылуы мүмкін
 
Елімізде мамандандырылған демографиялық зерттеулер институты құрылуы қажет. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлімдеді.
 
«Мен жақында Премьер-Министрдің атына елімізде мамандандырылған демографиялық зерттеулер институтын құрудың мақсаттылығы туралы хат жолдадым. Осыған орай, Үкімет басшысынан мүдделі мемлекеттік органдармен аталмыш мәселені қарап, оң шешім шығару туралы тапсырма беруін сұраған едім», - дейді агенттік басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда Үкімет басшысы мұндай ұсынысты қарауды Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне, Қаржы министрлігі мен Статистика агенттігіне жүктеген. 
«Біз жұмыс аясында мұндай орталықтың маңыздылығын  көрсететін боламыз. Жалпы, осындай институт құру - біз үшін барынша өзекті», - деді Әлихан Смайылов.

Хабарламаларға жазылу