Елімізде Дербес деректер агенттігі құрылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде Дербес деректер агенттігі құрылуы мүмкін

19.07.2019

Ол бірінші кезекте азаматтардың дербес ақпараты туралы қауіпсіздікке жауап беретін болады. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәжілісінде Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш министрінің орынбасары Абылайхан Оспанов мәлімдеді.

Оның айуынша, ақпараттық қауіпсіздік үшін арнайы агенттік құру әзірге бастама ретінде көтеріліп отыр және оны министрліктің базасында құру ұсынылуда. Дербес деректер агенттігі азаматтардың жеке басына қатысты барлық ақпараттың барынша қауіпсіз болуын, осы бағыттағы жұмыстарды тиімді үйлестіруді және жауапкершілікті арттыруды көздейді.

Ербол МӘНДІБЕК


 

Хабарламаларға жазылу