Қазақстанда жексенбіде күн суытады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда жексенбіде күн суытады

23.02.2014
Қазақстанда жексенбіде күн суытады
Қазақстанда жексенбі күні циклоннның ықпалымен қар жауып, бұрқасын көтеріледі, желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, деп хабарлады Қазгидромет.
 
Жаңа Жер ауданында қалыптасқан арктикалық ауа  Қазақстан аумағына ауысып, антициклон республикаға Сібір аязын әкеледі.
 
Жексенбі күні республиканың батысында түнгі темпаратура -22, -30 градус аязға дейін төмендейді.
 
Солтүстікте, ал дүйсенбі күні шығыста және орталықта -30, -35 градус, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста -15, -20, кей жерлерде -25, -30 градусқа дейін аяз болады.
 
Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық облыстарында аяздың -40 градусқа дейін жетуі ықтимал. Мұндай температура климаттық нормадан -8, -15 градус төмен.
 
23-24 ақпанда Ақмола облысында түнде ауа райы -30, -35 градусқа дейін, кей жерлерде -38 градусқа дейін төмендейді.

Хабарламаларға жазылу