Қазақстанда күн күрт суытады: Синоптиктер дабылды ескерту жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда күн күрт суытады: Синоптиктер дабылды ескерту жариялады

19.04.2021

Еліміздің солтүстік өңірлерінде күн күрт суып, жұртты әбігерге салып жатыр.

Табиғаттың тосын мінезі әсіресе жүргізушілерге қиын тиді. Мәселен бұл Нұр-Сұлтан-Қарағанды бағытындағы жол. Қар мен көк тайғақтың кесірінен көлік қозғалысы қиындаған. 

Ал Қазгидромет болса, күн райының бұзуылуына орай, дабылды ескерту жариялады. Болжам бойынша еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын, ал солтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Әрі секундына 20-25 метрге дейін жел соғып, найзағай ойнайды. Тіпті Алматы, Жамбыл облысындарында да үсік жүруі мүмкін. Синоптиктер суық ауа райына Скандинавия түбегінен келетін антициклон себеп дейді. 

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу