«Асыл тілек» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Асыл тілек»

22.02.2014
«Асыл тілек»
Алекс өзінің кіші бауыры Стивиді ұнатпайды. Бір күні ол сиқырлы тиын тауып алып, Стивиді біржола жойып жіберуді тілейді. Келесі күні таңертең ұйқысынан оянған Алекс өмірінің мүлдем өзгеріп кеткенін түсінеді.
 
Оның ата-анасы өте бай, өзі мектептің футбол командасының  үздік ойыншысы және мектептің ең сұлу қызымен дос болады.
 
Алайда, оның жаңа өмірі оған басқаша көріне бастайды. Өйткені, ол кіші інісін қатты сағынатын болады.
 
Режиссер Пол Хоэннің «Асыл тілек» драмасын бүгін, 23.30-да Ұлттық арнадан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу