«Наурыз тілек!» байқауына қатысыңыз! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Наурыз тілек!» байқауына қатысыңыз!

11.02.2016
«Наурыз тілек!» байқауына қатысыңыз!

Халқымыз тағатсыздана күтетін көктемнің ең жарқын мерекелерінің бірі – Ұлыстың ұлы күні. Наурыз мейрамының келуіне де аз уақыт қалды. Мерекені тойлау дәстүріне сәйкес осы күні қалың көпшілік бір-біріне ізгі тілектерін айтып, Жаңа жылдың жақсылыққа толы болуын тілейді.

Осыған орай «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен Қазақ радиосы ел тұрғындары үшін «Наурыз тілек!» байқауын жариялады. Оның талаптары бойынша еліміздің әрбір азаматы өзінің жақындары мен туған-туыстарын, сондай-ақ, республика халқын осы тамаша мерекемен құттықтауға мүмкіндік алады.

Ал, үздік құттықтау жолдаған азаматтар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Аталмыш байқауға қатысу үшін азаматтар өздерінің Наурыз мерекесіне деген аудио, бейне немесе жазба материалдарын 1 наурызға дейін nauryz@kaztrk.kz мекенжайына жолдаулары қажет.

Сонымен қатар, байқауға қатысуға ниет білдірушілер 8 (717) 2-55-33-26, 55-33-37 телефон нөмірлеріне хабарласып, тілектерін жолдай алады.

Бұған қоса, халық Ұлттық арнаның Facebook, Instagram, Vk, Twitter әлеуметтік желілеріндегі  парақшаларына #nauryztilek хэштегін көрсете отырып, тілек жолдауларына болады.

Хабарламаларға жазылу