ЮНИСЕФ 2.2 миллиард АҚШ долларын жинауды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЮНИСЕФ 2.2 миллиард АҚШ долларын жинауды ұсынды

21.02.2014
ЮНИСЕФ 2.2 миллиард АҚШ долларын жинауды ұсынды
 
Бүгін БҰҰ-ның «ЮНИСЕФ» Балалар қоры  59 миллион балаға көмек ретінде 2.2 миллиард АҚШ долларын жинау туралы үндеу жариялады. Бұл қаражат 2014 жылы әлемнің 50 елінде  кедейлікте, әскери қақтығыс жағдайында және төтенше жағдайларда  өмір сүріп жатқан 85 миллион адам, оның ішінде 59 миллион балаға гумманитарлық көмек ретінде жұмсалмақ.
 
«Мен Оңтүстік Суданнан оралдым. Онда қалыпты өмір сүруден айырылған милиондаған адам тұрады. Олардың ішінде кінәсіз балалар да бар. Судандағы жанжалдың кесірінен 400 мыңнан астам бала мен оның отбасы мүшелері үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Сондай-ақ 3.2 миллион адам гуманитарлық көмекке зәру», - дейді ұйым өкілі Тед Чаибан.
 «Оңтүстік Судандағы балалар Сириядағы қақтығыстардан жапа шеккен миллиондаған бала санын толықтырады », - дейді ЮНИСЕФ-тің төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі бағдарламалар директорыТед Чаибан.
 
Сондай-ақ көмекке зәру елдердің ішінде Ауғанстан, Колумбия, Конго Республикасы, Мьянма, Йемен және Сомали бар.

Хабарламаларға жазылу