«Қазақстан темір жолы» биыл қомақты қаржыдан қағылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан темір жолы» биыл қомақты қаржыдан қағылуы мүмкін

10.01.2017
Оған Еуразиялық экономикалық одақ елдері ішіндегі жүк тасымалына орнайтын біркелкі тариф себеп.

Мәселен, Қырғызстанның кәсіпкерлері Қазақстан арқылы Ресейге жүк тиелген пойыз өткізу үшін вагонына 5155 АҚШ долларын төлейтін. Бүгіннен бастап ол 1820 АҚШ долларына дейін арзандайды.

Мамандардың айтуынша, Қазақстан арқылы жылына 4 миллион тонна жүк тасымалданады. Яғни, кіріс 42 миллиард теңгеге азаяды.

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу