Біріккен Араб Әмірліктерінің діни басшылары Марсқа ұшып барып, оны игеруге тыйым салатын заң шығарды.
«Мұндай «біржақты сапар» өмірге қауіпті. Ал бұл ислам қағидасына қарсы келеді. Марсқа аттанған адамның ол ғаламшарда аман-есен өмір сүретіне еш дәлел жоқ. Сол себептен Қызыл планетаға ұшып бару - өлімге аттанумен бірдей. Ал бұл мұсылмандық шарттар бойынша өз-өзіңе қол жұмсаумен пара-пар», - деп жазады «Khaleej Times» басылымы.
2013 жылы нидерландылық «Mars One» компаниясы Марсқа ұшып баруға дайын адамдарды шақыра бастаған. Алайда планетадан Жерге қайта келетін технологиялар әлі жоқ. Барамын деуші 200 мың адамның арасында Сауд Арабиясы мен басқа да араб елдерінен 500-ге жуық адам бар. Дегенмен Марсқа тек төрт адам аттанады.