Өзбекстанда Twitter-ге ұқсас әлеуметтік желі пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда Twitter-ге ұқсас әлеуметтік желі пайда болды

19.02.2014
Өзбекстанда Twitter-ге ұқсас әлеуметтік желі пайда болды
Өзбекстанда Twitter-ге ұқсас әлеуметтік желі пайда болды. Bamboo.uz микроблогының құрастырушылары ел тұрғындарын желіні еркін түрде пайдалануға шақыруда.
 
Bamboo.uz  сервисінің барлық функциялары Twitter желісімен ұқсас. Тек символдардың сыйымдылығы жөнінен айырмашылық бар. Мұнда 700 символдан тұратын хабарламаға дейін жариялауға болады.
 
Сондай-ақ, ол тек Өзбекстан азаматтарына ғана арналған. Желі құрастырушылары «Бір ел – бір желі» ұранын ұстанатындықтарын айтқан.
 
Өзбекстада интернеттегі цензура, жалпы, сөз бостандығы қатаң бақыланады. Үкіметтік емес Freedom House ұйымының есебінше, 2013 жылы бұл ел интернет бостандығы рейтингинде соңынан санағанда алтыншы орында тұрған.
 
Сондай-ақ, осы аптада халықаралық «Тәуелсіз репортерлар» ұйымы Өзбекстандағы цензураны сынға алды. Қазір бұл елде 10-ға жуық журналист пен блогер қатаң бақылауда.
 
Ал бақылаушылар  Bamboo.uz желісінің пайда болуын да жергілікті арнайы қызметтердің медиа-кеңістікті толықтай бақылауға алуына арналған қадам деп санайды. 

Хабарламаларға жазылу