Twitter-де жаңа функция пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Twitter-де жаңа функция пайда болды

22.11.2019
Twitter-де жаңа функция пайда болды

Енді Twitter-дегі жазбаңызға келген жағымсыз, орынсыз пікірлерді тығып қоюға болады. Микроблогтар сервисі осындай мүмкіндік беріп отыр. 

«Жазбаңызды бақылып отыру үшін біз жаңа қызметті тексерістен өткіздік. Ол хабарламаларыңызға келген пікірлерді ешкімге көрсетпей, тығып қоюға көмектеседі. Мұндай функция барлық қолданушыларға қолжетімді», деп хабарланған компанияның сайтында.

Мұндай өзгеріс желі пайдаланушылары өзін қауіпсіз сезініп, ойын еркін жеткізу үшін жасалған.

ria.ru

Хабарламаларға жазылу