Ұлттық банк төрағасы мәлiмдеме жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық банк төрағасы мәлiмдеме жасады

18.02.2014
Ұлттық банк төрағасы мәлiмдеме жасады
  ҚР Ұлттық банкiнiң басшысы Қайрат Келiмбетов банктердiң банкротқа ұшырауы туралы ақпаратқа қатысты мәлiмдеме жасады.
 
«Бүгiн sms-хабарламалар арқылы бiрқатар қазақстандық банктердiң қаржылық жағдайы туралы жалған ақпараттар таратылды. Бұл өз кезегiнде ақша салымдары бар адамдар арасында бос дүрлiкпе туғызды.
 
ҚР Ұлттық банкi бұл ақпарат жалған, шындыққа жанаспайтын, арандатушылық және елiмiздiң банк жүйесiн тұрақсыздандыруға бағытталған ақпарат екендiгiн мәлiмдейдi. Арандату мәлiметтерінің таралуының алдын алу және оған кiнәлiлердi анықтау мақсатында құқық қорғау органдарына арыз түсiрілдi.
 
Қазақстандық банктерде ұлттық және шетел валюталары жеткiлiктi. Керек болса, Ұлттық банк кез келген уақытта банктердiң ликвидтiлiгiн қамтамсыз ете алады. Айта кетейiн, заңнамаға сәйкес, жеке тұлғалардың депозиттерi мемлекетпен қорғалған», - деп мәлiмдедi бас банкир бүгін Астанада ОКҚ өткен брифингте.
 
Айтып өтейік, соңғы күндері Қазақстан тұрғындары күдікті sms-хабарларды алып жатқан көрінеді. Онда аталған банктердің банкроттығы жақындағаны туралы айтылады. Осы орайда банктер бұл жалған ақпаратты таратушыларды әкімшілік-қылмыстық жауапқа тартқызу үшін құқық қорғау органдарына шағымданған.
 
Сөз соңында Қ. Келімбетов халықты тыныштық сақтауға шақырды және мұндай арандатушылықтарға сенбеуді сұрады.

Хабарламаларға жазылу