Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы басталды.
Алқалы жиынға ҚР Премер-Министрі Серік Ахметов, Парламент палаталарының төрағалары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрлан Нығматулин, Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми, ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев, Президент Әкімшілігінің басшысы Кәрім Мәсімов, Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов, Үкімет мүшелері, облыс әкімдері, министрлік өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары қатысуда.
Кеңейтілген отырыс барысында Үкіметтің өткен жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы шығарылып, ағымдағы жылы жүзеге асырылуы тиісті міндеттер айқындалады деп күтілуде.
|