Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

11.02.2015
Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

11 ақпан күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Отырыс барысында отандық экономиканың қазіргі ахуалы мен оны әрі қарай дамыту шаралары талқыланбақ. Сондай-ақ, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жүзеге асырудың негізгі тетіктері қаралады. 

Айта кету керек, өткен аптада ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономикалық саясаттың бағыттары мен келешегі талқыға салынатынын хабарлаған.

Хабарламаларға жазылу