Мысырдың билік өкілдері «жалған ақпарат таратты» деп айыпталған «Әл-Жазира» арнасы журналистерінің ісін 20 ақпаннан бастап сотта қарайды.
Айыпталушылар - «Әл-Жазира» арнасының 20 журналисі. Олар террористік ұйымдардың мүшелеріне қолдау көрсетті деп кінәлануда. Телеарна мұны мойындамай, айыпталған 20 кісінің 9-ын ғана қызметкері екенін мәлімдеп отыр.
Мысыр тұрғындарының көпшілігі «Әл-Жазираны» «Мұсылман бауырлар» қозғалысының пікірін елге тарататын арна деп қабылдаған, деп жазады BBС.