Маңғыстау облысында жалған ақпарат таратқан азамат жауапкершілікке тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында жалған ақпарат таратқан азамат жауапкершілікке тартылды

07.04.2024

Маңғыстауда жалған ақпарат таратқан жаңаөзендік тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол: еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан өте күрделі жағдай орын алуда. Осыған орай «Жаңаөзенде жол жабылды» деген сипатта жалған ақпаратты әлеуметтік желі арқылы таратып жіберген. Оның кім екенін полиция анықтады. Бұған дейін айтылғандай, Құзырлы орган өкілдері тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады. Және жалған ақпарат таратқандарға жаза бар екенін ескертеді.


Хабарламаларға жазылу