Тамара Дүйсенова: Қазақстанда орташа жалақы 108 мың теңгеден асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тамара Дүйсенова: Қазақстанда орташа жалақы 108 мың теңгеден асты

10.02.2014
Тамара Дүйсенова: Қазақстанда орташа жалақы 108 мың теңгеден асты

Соңғы 10 жыл ішінде бала туу саны 1,5 есеге өсті. Бұл туралы бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде осы құрылымның басшысы Тамара Дүйсенова мәлім етті.

«2013 жылы әлеуметтік саланың негізгі базалық көрсеткіштерінің оң нәтижесіне қамтамасыз етуге қол жеткіздік. Жұмыспен қамту деңгейі өсті. Жалақы, әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды арттыру бойынша да жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Экономикалық қызметтің барлық түрлері тұрғысында орташа айлық жалақы 108 мың теңгеден асып, 2012 жылғы деңгейден 7,5 пайызға артты», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, 4 миллионға жуық адам әлеуметтік төлем түрлерін алды. Сонымен қатар ол соңғы 10 жыл ішінде бала туу саны 1,5 есеге өскенін атап өтті. Екі жүз мыңдай отбасы 4 және одан көп бала тәрбиелеп отыр.

Хабарламаларға жазылу