Алматы облысында 79 автобус бағдардан алынып тасталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында 79 автобус бағдардан алынып тасталды

10.02.2014
Алматы облысында 79 автобус бағдардан алынып тасталды
Алматы облысында полиция жүргізген «Автобус»  шарасы барысында қоғамдық көлік жүргізушілерінің арасында 245 заң бұзушылық анықталды. Жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзуға байланысты полиция 80 хаттама толтырды.
 
Техникалық байқаудан өтпеген 79 автобус рейстен алынды. Автобус және бағыттық автобус салонын заңсыз қосымша орындармен жарақтаған бес жүргізуші жазаланды.
 
Ал 18-і - жылдамдықты шамадан тыс арттырғаны, 13 жүргізуші тиісті құжаттары болмағандығы үшін ұсталды. Тіпті біреуі қоғамдық көлікті мас күйінде жүргізген. 
 
Бұдан басқа, желілік бағытқа ақаулары бар көліктерді шығарған  жеті лауазым иесі әкімшілік  жауапкершілікке тартылды.

Хабарламаларға жазылу