«Бір қойдың етін бір өзің же» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бір қойдың етін бір өзің же»

08.02.2014
«Бір қойдың етін бір өзің же»
«Әурелең» фильмінде көрініс тапқан ауыл, оның тұрғындары және олардың басынан кешкен оқиғалары, кейіпкерлерінің мінез-құлқы мен болмысы боямасыз, әрі жеңіл әзілмен беріледі.
 
Отыз жылдай ауылды басқарып, зейнеткерлік жасқа жеткен әкім Жаңғырбай (Нұржұман Ықтымбаев) – ауыл өмірі мен оның тұрғындарын, түрлі оқиғаларды байланыстырып тұрған басты кейіпкер.
 
Фильмдегі негізгі оқиға желісі Бәйтерек ауылында өрбиді. Бас қаһарман Гиннестің рекордтар кітабына ену үшін «бір қойдың етін бір өзің же», деп досына ұсыныс жасайды.
 
Бүгін Ұлттық арнадан 18.20-да Нұржұман Ықтымбаев, Лидия Кәден, Тамара Қосыбаева сынды таланттар ойнаған «Әурелең» фильмін тамашалаңыздар.

Хабарламаларға жазылу