Таразда қой бағасы шарықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда қой бағасы шарықтады

22.09.2015
Таразда қой бағасы шарықтады

Құрбан айт мейрамы қарсаңында мал бағасы Тараз қаласында екі есе көтерілген. Жуырда ғана 15-20 мыңнан сатылып жатқан бір қойдың құны бүгінде 25 мың мен 45 мыңның аралығында. Ал, Қостанайда жағдай басқаша.

Мұнда ұсақ мал салмағына қарай 20 мен 30 мың аралығында, бұл көрсеткіш 3 жылдан бері өзгермеген екен. Ақтөбеде қойдың орташа бағасы 20 мың теңгенің маңайында.

Оралда 18-25 мың. Дегенмен, дәл 24-і күні, жылдағы үрдіс бойынша, мал базарларындағы баға өзгеріп кетуі де ғажап емес.

Индира УМАРОВА

Хабарламаларға жазылу