Муаммар Каддафи кезінен қалған барлық деңгейдегі химиялық қару-жарақтың көзін жойды. Бұл туралы елдің Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Мұхаммед Әбделәзиз мәлімдеді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
«Ливия адамдардың қауіпсіздігі мен қоршаған ортаға қатер төндіретін, пайдалануға жарайтын барлық химиялық қару-жарақтан құтылды», - деді ол.
Сондай-ақ, Әбделәзиз бұл жетістік аймақтық және халықаралық деңгейде қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтауға септігін тигізетініне сенім білдірді.