«Жазушылардың мықтысы біздің буыннан шықты» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жазушылардың мықтысы біздің буыннан шықты»

04.02.2014
«Жазушылардың мықтысы біздің буыннан шықты»
«Жыртық киім киіп, жыртық көрпе жамылып, жыртық кітап оқып, жыртық өмір сүрдік. Сөйте тұра, жазушылардың мықтысы біздің буыннан шықты...» Сәкен Жүнісов
 
Ғ.Мүсірепов «Сәкен сері» деп атаған қаламгер Сәкен Жүнісовтің туғанына биыл – 80 жыл. Тұңғыш әңгімелері студент кезінен-ақ, газет беттерінде жарық көрген жазушының шығармалары алғашқыда қатты сынға ұшыраған. Сонда анасы Мағрипа: «Ұлымның тауы шағылып, енді жазбай қоятын болар», деп уайымдаған деседі.
 
Алайда, намысын қайраған жігіт әдебиетте «Жапандағы жалғыз үй» романымен құбылыс ретінде танылды.
 
«Жерін, елін, ұлтын қорғау жолында кесек ойларын айта алған қаламгер. Оның бақыты да сонда»,-дейді ақын Ғалым Жайлыбай жазушы турасында.

Хабарламаларға жазылу