Петропавлда «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 2 мыңға тарта адам жұмысқа орналасқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 2 мыңға тарта адам жұмысқа орналасқан

11.05.2015
Петропавлда «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 2 мыңға тарта адам жұмысқа орналасқан

Білімі жоқ ынтасы бар, еңбектенуге қауқары жетерлік адамдарды қайта даярлықтан өткізіп мүмкіндік берудің арқасында елде жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді.

Людмила Семенованың алғашқы мамандығы бухгалтер. Бірақ, отбасын құрып, бала күтіміне байланысты біраз жыл үйде отырып қалған. Тек былтырғы жылы ғана жұмысқа кіруге ниет еткенімен, реті келмеді. Жұмыспен қамту орталығының көмегіне жүгініп, бүгінде аспаз мамандығын игерген.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы қолға алынғаннан бері Петропавл қаласында 24 жоба іске асырылып, 2 мыңға тарта адам жұмысқа орналасқан. Қазіргі уақытта да жұмыс таппай қиналғандарға қолдау көрсетуге әзір.

Бағдарламаның шарапаты мол екенін теріскейліктер айқын сезініп келеді. Людмила Семенова секілді тауы шағылған қаншама жан, тұрақты жұмыс тапты. Қазір мемлекет көмегіне жүгінгеніне қуанышты. Өйткені, жұмыс берушілер де қажетті маманды орталықтан іздейді.

 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу