Италия мен Францияда су тасқыны қаупі туралы ескерту жариялануда. Қатты нөсер Еуропаның бірқатар өңірін алаңдатып отыр, деп хабарлады ВВС.
Арно өзенінің арнасынан асып, су басу қаупінің орын алуына байланысты Италияның Пиза қаласының жүздеген тұрғыны баспаналарын тастап, көшуге мәжбүр.
Францияның да Атлант мұхиты жағалауында су тасқыны орын алуы қаупі күшейіп тұр. Ал Сербияда жауған қалың қар салдарынан көптеген адамдар сыртқы әлеммен байланыса алмай отыр.