Бас ауырған сайын дәрі ішу – зиянды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас ауырған сайын дәрі ішу – зиянды

30.01.2014
Бас ауырған сайын дәрі ішу – зиянды
 
Басымыз ауырып, дене қызуымыз көтерілсе, алдымен дәрігерге емес, дәріханаға барамыз.
 
Аспирин (ацетилсалицин қышқылы), цитрамон, анальгин сынды дәрілер әр үйдің дәрі қобдишасында бар. Мұны аптасына кемінде 3-4 рет қолданамыз. Ал осы дәрілердің зияны қаншалықты?
 
Дәріхана меңгерушісі Назира Әлиахметқызы: «Кейбір адамдардың асқазанында жара (язва) болады. Ацетилсалицин қышқылы сол жараның бетін алып түседі. Мұның соңы жақсылыққа апармайды»,-дейді.
 
Кез келген дәрінің құрамында аз мөлшерде қышқыл болады. Сондықтан, бас ауырған сайын дәрі ішу – оған тәуелділікті күшейтеді.
 
Қызу мөлшері қаншаға көтерілгенде ғана ем-дом жасау керек? Қан қысымы жоғары адамдарға қандай дәріні ішуге болмайды? Жүкті әйелдер мүлде тұтынуға болмайтын дәрілер қандай?
 
Бұл сұрақтардың жауабын «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу