Екінші орта салмақтағы жеңімпаз боксшы Андре Уорд Генадий Головкинмен биыл кездесуге дайын.
WBA тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық Андре Уорд Головкин командасының кездесуді ұйымдастыруға асықпайтынына таңданысын білдірді, деп хабарлайды «Чемпионат.com» сайты.
«Бұл туралы не ойлайтынымды білмеймін. Егер мен де, ол да алдағы кездесулерде жеңіске жетіп жатсақ, келер жылы міндетті түрде кездесеміз. Мен кездесуге дайынмын. Тек менің түсінбейтінім, Головкин командасы оның кіммен болсын кездесуге дайын екенін айта жүріп, менің ұсынысымды неге қабылдамайды. Мені осы мәселе ойландырады», -деді Уорд.
Айта кетейік, WBA и IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтығы әлем чемпионы Генадий Головкин өзінің кезекті жекпе-жегін 1 ақпанда Осуману Адамамен өткізеді. Кездесуді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы түнгі 02:30-да тікелей эфирде көрсетеді.