Қоғамдық телеарна қызметкерлерінің жартысын жұмыстан шығармақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоғамдық телеарна қызметкерлерінің жартысын жұмыстан шығармақ

26.01.2014
Қоғамдық телеарна қызметкерлерінің жартысын жұмыстан шығармақ
Ресейдің «Қоғамдық телеарнасының» бас директоры Анатолий Лясенко алдағы екі ай көлемінде редакция құрамын екі есеге қысқартатынын айтты, деп хабарлайды «Интерфакс».
 
«Біздің қазіргі қаржылық жағдайымыз алдағы екі ай көлемінде қызметкерлер санын азайтуға әкеліп отыр»,-деді Лысенко РФ Қоғамдық палатасының отырысында.
 
Телеарна бас директорының айтуынша, редакцияның тең жартысын қысқартуға жатпайтын техникалық мамандар құрайды. «Себебі, қызмет көрсету мен эксплуатацияның өз нормалары бар. Сондықтан, біз шығармашылық бағыттағы қызметкерлерді қысқартуға мәжбүрміз»,-деді ол.
 
Лысенко сондай-ақ, бөлінген қаражатқа федералды арна құру – күлкілі жағдай екенін айтады. Ол телеарна Ресей үкіметі тарапынан ешқандай қолдау көрмейтінін де тілге тиек етті.
 
2013 жылы қараша айында елдің мемлекеттік думасы «Қоғамдық телеарнаға» бюджеттен 300 миллион рубль бөлуден бас тартқан болатын. Қаржы министрінің орынбасары Татьяна Нестеренко 2014 жылдың бюджетін жоспарлау барысында «Қоғамдық телеарнаға» 1,4 миллиард рубль бөлу қарастырылғанын айтады.
 
«Қоғамдық телеарна» 2012 жылы сәуір айында құрылған еді. Алғашқы жылы оның дамуына бюджеттен 1,2 миллиард рубль бөлінген. Алғашқыда арна аяғынан тұрып кеткенше мемлекет тарапынан қаржыландырылатын болады делінген еді.
 
Кейін телеарна бюджетін көрермендердің көмегімен көтеру көзделген. Алайда, Қоғамдық телеарнаның бұл мәселесімен айналысатын Внешэкономбанк 20 миллиардтың орына тек 50 мың рубль ғана жинай алды.

Хабарламаларға жазылу