Caterpillar компаниясы 10 мың жұмыс орнын қысқартпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Caterpillar компаниясы 10 мың жұмыс орнын қысқартпақ

25.09.2015
Caterpillar компаниясы 10 мың жұмыс орнын қысқартпақ

Арнайы мақсаттағы техника шығарудан әлемде жетекші орында тұрған «Caterpillar» компаниясы 2018 жылға дейін 10 мың адамды жұмыстан шығармақ. Бұған қоса, оның өндіріс алаңдары 10 пайызға қысқаруы мүмкін. Осы шара арқылы компания  шығындарын 1,5 миллиард долларға азайтуды көздеп отыр.

Айта кетсек, жер қазу техникасын, құрылыс жабдықтарын, двигательдер, тіптен аяқ киімге дейін шығаратын «Caterpillar» өнімдеріне деген сұраныс соңғы кездері төмендеп кеткен.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу