Аргентина президенті «үнсіздікті» бұзды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентина президенті «үнсіздікті» бұзды

23.01.2014
Аргентина президенті «үнсіздікті» бұзды
Аргентина президенті Кристина Фернандес де Киршнер денсаулығына қатысты сыбыстарды сейілту мақсатында алты аптадан кейін алғаш рет көпшілік алдында сөз сөйледі. Бұл туралы ВВС хабарлады.
 
Буэнос-Айрестегі президент сарайындағы жиынға саясаткердің жүздеген жақтасы жиналған.  
 
Киршнер  жұмыссыз жүрген жастарға әлеуметтік қолдау көрсету жоспарын жария етті. Сондай-ақ ол бұқаралық ақпарат құралдарын үкіметке қолдау көрсетпегені үшін сынға алды.
 
Аргентинаның мемлекет басшысы өткен жылдың қазан айында басына операция жасатқан еді. Ал бір айдан кейін ол жұмысына оралған.

Хабарламаларға жазылу