Жүріп келе жатып ұялы телефон арқылы SMS жазу адам қозғалысының траекториясына, оның кескін-келбетіне әсер етеді.
Шетелдік БАҚ-тардың жазуынша, мұндай қорытындыны америкалық ғалымдар жария еткен.
Сынаққа қатысушыларды ұзақ уақыт бақылаған ғалымдар олардың жүріп келе жатып, ұялы телефондарынан СМС оқу және оған жауап берулеріне назар аударған.