Жас құсбегілердің тәжірибесі толысып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас құсбегілердің тәжірибесі толысып келеді

23.01.2014
Жас құсбегілердің тәжірибесі толысып келеді
Таяуда Жамбыл облысында жастар арасында өткен ел чемпионаты мәресіне жетті. Елдің жеті облысының мықтылары сынға түскен сайыста Алматы облысының құсбегілеріне тең келер ешкім болмады. Сайыстың алғашқы күні құсбегілер құс патшасын қолға шақырып, шырғаға салып көрді.
 
Бұл сында ең жас қатысушы Серікболсын Жалғасұлының өнері жиылған жұртты бір серпілтті. Ақжелкен атты қыраны 300 метр қашықтықтан жемтігін  анық байқап, 15 секундқа жеткізбей жұлып түсірді.
 
Жас құсбегі: «Мен бұл өнерді әкемнен үйрендім. Кейін құсымды әбден үйретіп, аңшы қыламын»,-дейді.
 
Испаниялық құсбегі Хуан Бернаде елге екінші рет келіп отыр. Ондағы мақсаты – қазақ бүркітшілерімен тәжірибе алмасу.
 
«Құсбегілік өнер алғаш қазақ жерінде қарқын алған. Бұл тек менің ғана пікірім емес, ғалымдардың зерттеуі осыны нақты айқындап берді. Біздің сіздерден үйренеріміз өте көп. Мәселен, қазақ бүркітшілері құз басынан қыран құстың балапанын алып, үйретеді. Осы тәжірибе бізге қажет»,-дейді ол.

Хабарламаларға жазылу