«Аялаған Астана» байқауының жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Аялаған Астана» байқауының жеңімпаздары анықталды

07.07.2014
«Аялаған Астана» байқауының жеңімпаздары анықталды

Астана күні қарсаңында ұйымдастырылған балалардың «Аялаған Астана» ұлттық телевизиялық ән байқауы да өз мәресіне жетті. Еліміздің 16 аймағынан келген жас дарындар 3 күн бойы өнер бәйгесіне түсіп, бақтарын сынады.

Жас таланттар Қазақстанның танымал жұлдыздарымен дуэт болып, түрлі мультфильмдердегі әндерді орындады. Олардың өнерін тек Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар, алыс-жақын шетелдерден келген Тимати, Сергей Лазарев сияқты әйгілі әншілер бағалады.

Бас жүлдегер енді  Қазақстанды халықаралық «Детская новая волна» байқауында таныстыратын болады. Бұдан бөлек, жүлделі орындарды иемденгендер мен көрермен көзайымына айналғандар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Тимати, байқаудың қазылар алқасы  мүшесі:

Байқауда баланың талантымен қатар, сахнада өзін-өзі ұстауы, қысылмай әнді өз деңгейінде орындап шығуы маңызды. Біз әрбір үміткердің осындай тұстарына мән бердік. Балаларға қазылық жасау маған қиынға соқты, десем болады. Өйткені, олар әлі толысып болмаған. Дей тұрғанмен,  біз әділ бағасын бердік, деп ойлаймын.

Айнұр АҚБАЕВА

Хабарламаларға жазылу