Елордада тхэквондо шеберлері өнер көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада тхэквондо шеберлері өнер көрсетеді

22.01.2014
Елордада тхэквондо шеберлері өнер көрсетеді
Бүгін, 22 қаңтарда Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде тұңғыш рет Корея Республикасының тхэквондошылары жауынгерлік өнердің көрнекілік жекпе-жегін өткізеді. Іс-шара Бүкіләлемдік тхэквондо федерациясының (WTF) президенті профессор Чжо Чжонг Вонның Қазақстанға сапары аясында ұйымдастырылады. Бұл туралы аstana.kz сайтына Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы  хабарлады. 
 
Корея спортшыларының сапары тек көрнекі жекпе-жекпен ғана шектелмейді. Жауынгерлік өнердің үздік спортшылары Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген спортшылар мен жаттықтырушыларға семинар және шеберлік сыныбын өткізеді.

Хабарламаларға жазылу