«Алтын ерің атқа батса, алтынын ал да отқа жақ» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алтын ерің атқа батса, алтынын ал да отқа жақ»

22.01.2014
 
Қазақ халқы келген қонақтың мінген атының әбзеліне қарап-ақ, оның қандай рудан екенін, беделін, қай өңірден келгенін біліп отырған. Тіпті, қамшы ұстаудың да өзіндік мағынасы болған.
 
Егер келген кісі қамшысын бүктеп ұстаса, дау айтуға келгені. Бүлдіргесінен сүйретіп келсе, жоқ іздеп жүргендігі. Ал қамшысын қалдырып кетсе, ол қайта айналып соғамын дегенінің белгісі.
 
Сол сияқты ер-тоқымның да түрлері, өзіндік ерекшеліктері бар.
 
Шебер Серікқазы Жұмағазыұлы: «Алматы, Шымкент, Жамбыл, Талдықорған жақтарда қазақы құсбас ер деген бар. Сондай-ақ, үйрекбас ер деген де осы аймақтарда кездеседі. Ал Өскемен, Семей, Павлодарда көбінесе айбас ерді қолданады. Оның өзі екі түрге бөлінеді: арғын ері, найман ері. Ақтөбе, Атырау жақтарда қозықұйрық, шошақбас ер деген бар. Бұл ерлердің түр-түрі болғанымен, атқа жатуы бірдей, тек сырт келбеті өзгеше»,-дейді.
 
Қазақы ердің жасалу тәсілі, ерекшеліктері, өзіндік өлшемдері туралы толығырақ «Таңшолпанның» сюжетіне біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу