Жаңа Зеландияның солтүстік жағалауында қуатты жер сілкінісі болды.
АҚШ геологиялық қызметінің хабарына қарағанда, жерасты дүмпуінің магнитудасы - 6,3. Зілзала кіндігі ел астанасы Веллингтонның солтүстігінен 115 шақырым жерде болған.
Жаңа Зеландия Тынық мұхитының сейсмикалық және белсенділігі жоғары жанартауы бар аймағында орналасқан.
Бұл аумаққа Жапония мен Солтүстік және Оңтүстік Американың батыс жағалауы кіреді.