«Astana Arlans» құрамы төрт боксшымен толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Astana Arlans» құрамы төрт боксшымен толықты

06.01.2014
«Astana Arlans» құрамы төрт боксшымен толықты
«Astana Arlans» клубының бас директоры Болат Манкеновтің айтуынша, құраманы Азамат Исақұлов (49 келі), Әсет Қасымов (64 келі), Манат Әмірзақов (69 келі) және 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының қатысушысы Ғани Жайлауов толықтырады.  Боксшылар оқу-жаттығу жиынын өтіп, жаттықтырушылар көңілінен шыққан.
 
Естеріңізге сала кетейік, «Astana Arlans» боксшылары Дүниежүзілік бокс сериясы аясында Польшаның «Poland Hussars» командасымен кездеседі. Жекпе-жек қаңтардың 10-на жоспарланған.

Хабарламаларға жазылу