Биыл қазақтың әйгілі ақыны, композитор Кенен Әзірбаевтың туғанына 130 жыл толып отыр. Осыған байланысты «Таңшолпан» бағдарламасына ақынның ұлы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі - Бақытжан Кененұлы келіп, сұхбат берді.
«Ол кісі балаларға қатты ренжу дегенді білмейтін. Бүкіл тәрбиені дастарқанның үстінде беретін. Балалары, келіндері, немерелері, тіпті көршілері - барлығымыз жиналып отырғанда, тәрбиені өлеңімен-ақ беретін»,-дейді Бақытжан Кененұлы.
«Танымал адамның баласы болу өте қиын. Елдің алдына түсе қояйық, көріне қояйық деген мінез жоқ бізде. Себебі, берілген тәрбие осы», -дейді ол.