Таразда 80 жаңа нысан ел игілігіне берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда 80 жаңа нысан ел игілігіне берілді

25.12.2019

Таразда Жамбыл облысының 80 жылдық тойына 80 жаңа нысан ел игілігіне берілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ашылған әлеуметтік, тарихи-мәдени сәулет кешендерін алғаш боп көргендердің бірі - тілшіміз Сәбит Әлдебай. 

Өңірдің 80 жылдығына арналған тартулар күні бойы жалғасты. Даңқты режиссер Асқар Тоқпановтың еңселі ескерткіші көзі тірісінде қызмет еткен облыстық қазақ драма театрының алдына қойылса, жыр дүлдүлі Кенен Әзірбаевтың мүсіні Баласағұн мәдениет сарайының алдынан бой көтерді. Ал «Әуендер әлемі» атанған алаңға қойылған алпыс жұлдыз белгісіне еліміздің мәдениетіне үлкен үлес қосқан тұлғалар мен өнер жұлдыздарының есімдері жазылды. Сондай ақ «Тараз-Арена» спорт кешені аумағындағы «Даңқты спортшылар алаңы» ел намысын абыройлы қорғаған Жамбыл жұртшылығының мерейін асырған спортшылардың құрметіне орнатылды. 

Хабарламаларға жазылу