Қаңтар айында ауа райы қалай болады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаңтар айында ауа райы қалай болады?

08.01.2014
Қаңтар айында ауа райы қалай болады?
«Қазгидромет» РМК Ауа райының ұзақ мерзімді болжамдар басқармасының жетекші инженері Әлия Асхатқызы «Таңшолпанда» қонақта болды.
 
«Кешеден бері Қазақстан аумағы бойынша күн  сәл де болса, жылынып келеді. Жалпы, солтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде -12, -22 градус шамасында болса, күндіз 5-15 градус аяз болады. Ал оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 10-20 градус шамасында, күндіз 5-10 градус шамасында болады. Кей жерлерде сынап бағанасы -0, -5-ті көрсетеді»,-дейді Әлия Асхатқызы.
 
«Қаңтардың екінші онкүндігінің соңына қарай және айдың соңында ауа температурасы қайтадан төмендейді. Солтүстік өңірлерде 25-30 градус болса, оңтүстікте 20-25 градус аяз болады».
 
Биылғы қыс қалай болар екен? Жауапты «Таңшолпаннан» біліңіз.

Хабарламаларға жазылу