«Таңшолпанда» қонақта болған сазгер Ержан Белғозиев: «Өткен жылдардың ешқайсысына өкпем жоқ. Әр жылдың өз берекесі, ырысы бар. Шығармашылыққа беретін жаңалығы бар. Көптен бері армандап жүрген жеке студиям ашылды. Оның ерекшелігі – біз тек әнді ғана өңдемейміз, оны альбом қылып та шығарып бере аламыз. Сондай-ақ, келешекте бейнеклип түсіруге де мүмкіндік болатындай етіп кеңейтпек ойда бар»,-дейді.
«Ғашық жүрек», «Бауырды сағындым», «Сенім шырағы» сынды көңіл толқытар әндердің авторы: «Кезінде қазақтың бірегей ақыны Тұманбай Молдағалиев әннің идеясын айтсам, бірден сөзін жазып беретін. Ол кісінің соңында қалған 15 томдық жинағы бар. Сол өлеңдерін ақтарып отырамын. Әніме ұйқасы, буыны келсе де, табиғаты келмей жатады. Әйтеуір, бір жері қиыспайды. Бәрібір ол кісінің өз қолымен жазып бергеніндей болмайды екен»,-дейді.
«Қазір жаңа әндер шығып жатыр. Жақында альбом шығармақ ойымыз бар», -дейді сазгер.