Тимошенконың қызы анасының халі нашарлағанын хабарлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тимошенконың қызы анасының халі нашарлағанын хабарлады

05.01.2014
Тимошенконың қызы анасының халі нашарлағанын хабарлады
Украинаның экс-премьері Юлия Тимошенконың қызы Евгения анасының денсаулығы нашарлағанын айтты. Бұл туралы «Интерфакс-Украина» агенттігіне сілтеме жасап, «Азаттық» хабарлап отыр.

Экс-премьердің қызының сөзіне қарағанда, Тимошенко екі жылдан бері таза ауаға шықпаған. 

Киевте брифинг өткізген Тимошенконың қызы «Германиядағы Шарите клиникасының профессоры операция қажет екенін айтқан. Бірақ, оны жасауға мүмкіндік жоқ. Анамның халі жарты жыл бұрын нашарлады. Ол жүре алмайды, аштық жариялағаннан кейін мүлде әлсіреп қалған», деді.

Хабарламаларға жазылу