Күйеуімен ажырасқаны үшін $ 7,63 млн. төлемек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күйеуімен ажырасқаны үшін $ 7,63 млн. төлемек

20.07.2017

Оңтүстік Кореяның өзінде беделді бір отбасындағы дау бітер емес. Танымал «Самсунг» компаниясы президентінің қызы күйеуімен ажырасқаны үшін 7 млн. 630 мың доллар айыппұл төлемек. 46 жастағы Ли Бу Чжиннің 48 жастағы Лим У Чжэмен некесін бұзу процесі 2014 жылдан бері жалғасып келеді. 1999 жылы бас қосқан екеудің бір ұлы бар. Сот шешіміне сай, бала анасының қамқорлығында қалуы керек. Дегенмен, Ли Бу Чжиннің күйеуі ажырасу үшін 1 млрд. доллар сұрап, сотқа қайта шағым бермек. Қарапайым отбасынан шыққан ол бұрын «Самсунг»-тың бөлімшесін басқарған. Сондай-ақ, Чжэ компания президентінің қызына үйленгені үшін «күлшеқыз мырза» деп аталып кеткен.

 

 Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу