Елордадағы емханалар тұрғындардан заңсыз ақша бопсалаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордадағы емханалар тұрғындардан заңсыз ақша бопсалаған

04.04.2019

Мұндай ақпаратты Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары таратты. Жетінші және оныншы емханаға тіркелу үшін дәрігерлер қажет емес құжаттар сұратқан. Оған қоса, рентген анықтамасын сұратқан. Өзімен ондай құжат болмаса, 1500 теңгеге өздерінде өтуге ұсыныс жасаған. Ал, заң жүзінде бұның барлығы 1 күннің ішінде тегін көрсетілуі керек. Тексеру барысында медицина саласындағы өзге де былықтар анықталды.

Ильдар Үйсімбаев, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаментінің директоры:

- Ғаламтордағы жарнамаларды зерттей келе адамның денсаулығына қатысты, яғни, 086 формадағы анықтаманы сатқандар анықталды. Бағасы 2500 теңгеден. Бұл сомаға жалған рентген түсірілімі қоса берілген. Сондай-ақ, кей өңірлерде денсаулығына қатысты уақытша жұмысқа жарамсыз деген анықтаманы сатқандар ұсталды. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу