Оралда студенттерді бопсалаған қылмыстық топ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда студенттерді бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

16.02.2024

Оралда студенттерді бопсалаған қылмыстық топ ұсталды. Күдіктілердің төртеуі де - колледж оқушылары. Олар өз замандастары мен сауда орталықтарының қызметкерлерінен алаяқтық жолмен ақша бопсалаған деген күдікке ілінді. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Ұсталған топ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілерге қатысы бар басқа да адамдарды анықтау мақсатында іздестіру жалғасып жатыр. Облыстық полиция департаменті бопсалаудан зардап шеккен тұрғындар болса, дереу тәртіп сақшыларына хабарласуын сұрайды.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу