Қазақстандағы медициналық ұйымдардың 4 пайызы аккредитациялық куәлік ала алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы медициналық ұйымдардың 4 пайызы аккредитациялық куәлік ала алмады

11.02.2019

Бұл рәсімге жеке және мемлекеттік 95 мекеме қатысқан. Оның 10 пайызы жоғары, 43 пайызы бірінші санатты дәрежеге ие болды. Бүгін елордада сол емдеу орындарының өкілдерін марапаттау шарасы өтті.

Атап айтсақ, жоғары санатты медициналық мекеменің ішінде «Ұлттық нейрохирургия орталығы», Алматы қаласындағы «Эко орталық», Түркістан облыстық ауруханасы бар. Бұлардың барлығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандарттарына сай келген. Мамандардың пікірінше, аккредиттеу арқылы медициналық көмектің сапасы арта түспек. Биылдың өзінде елімізде 413 ұйымның аккредитациядан өткен мәртебесі бар.

Айнұр Айыпханова, «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының» бас директоры:

- Жалпы, 500-ден астам стандарт бойынша медициналық ұйымды тексеруден өткізеді. Медициналық ұйым 3 жылда бір рет тексеруден өтсе, онда белгілі бір қауіпсіздік стандарттары және белгілі бір ем сапасының стандарттары орындалады деген мақсатта жасалады. ТМД елдері ішінде бұл Қазақстанда ғана енгізілген. 2009 жылдан бастап бұл жүйенің жұмыс істеп келе жатқанына - 10 жыл.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу