Шымкенттік дәрігерлер ай күніне жетпеген үшемдердің өмірін сақтап қалды. Шала туған шараналардың салмағы небәрі 1,5 келі болған. Ең қызығы, нәрестелердің үшем екенін дәрігерлер де, анасы да операция кезінде бір-ақ білген. Жүктіліктің 6 айлығында келіншектің қан қысымы көтеріліп кеткендіктен, жедел операция жасауға тура келген. Қазір нәрестелердің жағдайы жақсы.
Мәлік Акмалов, перинаталды орталықтың бөлім меңгерушісі:
- Демалуы нашар болған соң реанимацияға жатқыздық. Туылғанда жағдайы ауыр болған. Бүгінде денсаулықтары жақсы. Салмақ қосты. Туылғанда 1500-1600 грамм болды. Қазір 2100-2150 граммен үйіне шығарып жатырмыз.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.