Индустриялық карта бағдарламасы ел экономикасына тың серпіліс берді. Бұрын соңды елімізде өндіріліп көрмеген 400 түрлі тауар осы сөзге дәлел болады. Атап айтсақ, Қазақстанда вагон, көлік және автобус құрастырылады.
Биылғы жылы 600 милилард теңгенің 75 жобасын іске қосу жоспарланған. Бұл 7 мың адамды жұмыспен қамтымақ. 2015 жылы 100 жобаның құрылысы жалғасады. Бағдарлама шеңберінде 45 мың адам құрылыс жұмыстарына тартылады.