Қазақстанның тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері

04.04.2015
Қазақстанның тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері

Қазақстанның тәуелсіздік жылдары жеткен 100 жетістігін баяндайтын айдарымызды жалғастырамыз. Бүгін, ақпараттық технологиялар саласын түйіндеп, индустрилық-инновациялық өндіріс саласындағы жетістіктер  жайлы сөз етеміз.

Қазақстандықтардың 60 пайыздан астамы компьютердің тілін түсінеді. Бұл көрсеткіш 2010 жылы 50 пайыздан төмен еді. Отандық теле-радио саласының мақтанышы «Қазмедиа орталығы» кешені іске қосылды. Осы жерден 7 арна мен 3 радио эфирге шығады. Телеарналар HD 1080 50 Hz сандық сапасында хабар таатады. Сондай-ақ, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы ребрендингтен өтті. «Балапан», «Мәдениет», «KAZsport» телеарналары ашылды.

Ел экономикасының күре тамыры ол индустриялық карта шеңберінде салынған өндіріс ошақтары. 2011-14 жылдар аралығында 631 жоба жүзеге асты. 55 мыңға жуық Қазақстандық тұрақты жұмыс тапты. Өткен жылы 600 миллиард теңгеге 150 кәсіпорын ашылып, 12 мың адам жұмыспен қамтылды. 2011-2014 жылдары жалпы соммасы 4 трилион теңгенің тауары өндірілді. Өндіріс көлемі өсіп келеді. 2014 жылы 1,5 триллион теңгенің тауары өндірілді. Бұл жалпы ішкі өнімнің 7,9 пайызы. Бүгінде ай сайын 100 миллиард теңгенің тауары өндірілуде.

 

Хабарламаларға жазылу