Баланың ата-анасы вакцинация жасауға қарсы болған. Жалпы өңірде екпеден бас тарту мәселесі өршіп тұр. Мәселен, 1137 ата-ана түрлі себеппен ұл-қыздарына екпе жасатпаған. Дені діни сенім бойынша келіспей отыр. Жеке көзқарас, вакцинаға сенімсіздік те бас тартуға бір себеп. Дәрігерлер мұның соңы жаппай эпидемияға соқтыруы мүмкін деп дабыл қағып отыр. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде бас тартқан ата-аналар райына қайтып, 111 балаға екпе салынды.
Жайдар Құрманов, облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы:
- 2016 жылы туған бір бала туберкулез дертіне шалдығып, қазір емделіп жатыр. Тексеріс барысында анықтағанымыздай, ол жоспарлы түрде екпесін алмаған балалардың ішінде болып шықты. Осыны ескеріп, ата-аналарға балаларына тиісті екпені алу қажеттігін тағы бір айтқымыз келеді.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.