Астанада биыл 150 адамнан ВИЧ дерті анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада биыл 150 адамнан ВИЧ дерті анықталды

21.11.2018

Бұл - 2017 жылмен салыстырғанда 20 науқасқа кем. Алайда, мамандар: «тіркелмей жүргендер де бар болуы мүмкін»,-дейді. Осы себепті дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес айлығы аясында теміржол вокзалында арнайы акция өтті. Дәрігерлер жолаушыларды тесттен өткізіп, 5 минутта нәтижесін шығарып береді. Сонымен қатар, халыққа ақпарат қағаздары таратылды. Шара  көпшілік жиналатын орындарда желтоқсанның ортасына дейін жалғасады.

Жанна Айтмағамбетқызы, Қалалық ЖИТС орталығы ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі:

-АИТВ инфекциясын жұқтырған азаматтардың 25 пайызы өзге өңірлерден келген, басқа қалалардан. 5 пайызын шет ел азаматтары құрап отыр. Біз қала тұрғындары мен қонақтарына жедел экспресс тест арқылы анонимді және тегін АИТВ инфекциясы тестін өткіземіз. «Өз мәртебеңді біл!» деген ұранмен біз осында келіп отырмыз. 

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу